«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлеуметтік көмек беріле ме?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Осы уақытқа дейін отбасымызды күйеуім ғана асырап келді. Маусым айынан бастап жұбайым жұмыстан шығып қалды. Енді маған атаулы әлеуметтік көмек беріле ме?”.

Әлия ЖҰМАТАЕВА,

Петропавл қаласының тұрғыны.

Оқырманымыздың бұл сауалына мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Гүлнәр Жусалина былай деп жауап берді:

– Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы” бұйрығымен, “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” заңымен, мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен регламенттелген.

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасына “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” заңның талаптарына сәйкес беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өткен тоқсандағы кіріс ескеріледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сізге жалақы туралы анықтаманы апарудың қажеті жоқ, сәйкестендіру үшін жеке куәлікті ұсыну жеткілікті және табыс туралы барлық деректерді жұмыспен қамту орталығының мамандары “Е-халық” ақпараттық жүйесінен алады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті еңбекке қабілетсіз азаматтар (зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдар), сондай-ақ үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша үйде отырған адамдар ала алады. Қалған жағдайларда жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жәрдемақы тағайындау кезінде әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда отбасының өмірлік қиын жағдайдан шығуы, соның ішінде жұмысқа орналасу үшін қолдау шаралары жазылады. Әлеуметтік келісімшарт жасасу міндетті болып табылады. Бұл жағдайда сіз жұбайыңызбен бірге әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінуіңіз керек. Әлеуметтік келісімшарт жасасудан бас тартқан жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

Дайындаған

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp