«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

272 МАМАН ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысына жалпы практика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар, психиатрлар және сәулелік диагностика дәрігерлері, барлығы – 272 маман жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметнше, бүгінгі таңда СҚО бойынша дәрігер кадрлардың тапшылығы өткір тұр, 272 маман қажет.

«Nur Otan» партиясы СҚОФ жанында құрылған ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов медицина кадрлары тапшылығын азайту үшін қолға алынған ісшаралар туралы айтып берді. Маманның сөзінше, өңірде жалпы практика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар, психиатрлар және сәулелік диагностика дәрігерлері жетіспецді, Сондай-ақ педиатрларға, акушер-гинекологтарға және дәрігер-зертханашыларға қажеттілік бар. Бұдан басқа 102 орта медициналық қызметкердің орны бос тұр.

«2021 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша 1,5 млн теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы 27 дәрігерге берілді. Ортақ сома – 40,5 млн теңге. Биыл 128 жас дәрігер, оның ішінде 56 маман ауылдық жерлерге, 72 маман қалаға тартылмақ. Облыстық бюджет есебінен білім алған 24 резидент қайтып келуі тиіс. Қалған резиденттер оқуын аяқтап, 2022 жылы және 2023 жылы жұмысқа кіріседі. Денсаулық сақтау басқармасының бюджетінде мамандарды тартуға 143,5 млн теңге бар. Ал 128 дәрігерді тарту үшін 106 млн теңге қажет», – деді Құмар Күсемісов.

Бүгінде СҚО-да мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жергілікті бюджет есебінен 10 жоғары медициналық оқу орынында жалпы сомасы 155,4 млн теңгеге 113 резидент оқып жатыр. Олар кейін өңірде кем дегенде 5 жыл жұмыс істеулері қажет. Резиденттер ішінде кардиологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, офтальмологтар, оториноларингологтар, акушер-гинекологтар, неврологтар және басқа да көптеген мамандар бар.

Қазір өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарында 1 342 дәрігер және 5 022 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp