«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жанкүйерлерін жабырқатты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Токиодағы жазғы Олимпиада ойын­дарына Қазақстаннан 97 спортшы қатысып жа­тыр. Олардың қатарында 4 жерлесіміз бар. Өкі­нішке қарай, үшеуі жүлдегер атанарлықтай қау­қар көрсете алмай, жанкүйерлерін жабыр­қатты.

Солтүстікқазақстандықтардың арасынан бірінші болып додаға Алексей Луценко түскен болатын. Командалық веложарыста жер­ле­сіміз 21-ші орынға тұрақтады. 234 шақырымдық қашықтықты ол 6 сағат 11 минут 46 секундта бағын­дырды. Шілденің 28-і күні жекелей сында да жергілікті велоша­бан­доз сенімді ақтай алмады, мәре сызығын 32-ші болып кесті.

Үш қарғып секіруде ел намы­сын Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковамен қатар жерлесіміз Ирина Эктова да қорғады. Төрт жылда бір рет келетін аламан бәйгеде қызылжарлық спортшы ақтық сынға өте алмады. Құрама­дағы жалғыз депутат (Солтүстік Қа­зақсан облыстық мәслихаты­ның депутаты) 14 метр 40 санти­метр ұзындыққа секіріп, 31-ші нә­тиже көрсетті.

Михаил Литвин 400 метр жүгі­ру­ден сынға түскен. Бұл қашық­тық­ты ол 47,15 секунд ішінде жү­гіріп өтті. Бұл нәтиже оған жарты­лай финалға шығуға мүмкіндік бер­меді. Велотректен жарыстар әлі басталған жоқ. Бұл сында тағы бір жерлесіміз Артем Захаров бақ сынайды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp