«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЛЕҢГЕ ҮЙІР ЖАСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана және “Аттракцион­дар әлемі” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары бірлесе ұйымдастырған адам­зат­тың алыбы Абай Құнанбаев пен жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың мерейтойларына ар­нал­ған “Даланың ұлы ақындары” атты поэзиялық байқауының қорытындысы жарияланды.

Байқауға 3-18 жас аралы­ғын­дағы үміткерлер қатысты. Қа­шықтан ұйымдастырылған са­йыс барысында қатысушы­ларға қос ақынның өлеңдерін оқып, креативті бейнеролик тү­сіру талабы қойылды. Қатысу­шы­лар шығармашылық жұмыс­та­рын әлеуметтік желілерге са­лып, қажетті хэштегтер мен кі­тапхананың парақшасын белгі­ле­ді. Қазылар алқасы қатысу­шы­лардың шығармашылық көз­қарасын, бейнероликті безен­діруін, өлең оқу мәнерін баға­лады.

Жеңімпаздар екі аталым бо­йын­ша анықталды. “Абай күні” аталымы бойынша бірінші орын­ды Меруерт Мұратбек ал­са, екінші орын Елизавета Рад­ченкоға бұйырды. Үшінші орын­ға Балбөбек Омар лайық деп танылды. “Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы” аталымында Ажар Сыздықова, Гүлнәр Әубәкірова жеңімпаз атанды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp