«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күздік дақыл түсімі көңілдегідей

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде 17,61 мың гектар алқапқа күздік бидай егіліп, қазір орақтың нағыз қызған уақыты. Көктемгі қуаңшылық өнімділікке кері әсер еткенімен, қыста қар тоқтату жұмыстары жүргізіліп, топыраққа ылғалдың мол сіңірілуінің арқасында шығымдылық көңілдегідей деп айтуға толық негіз бар.

Бүгінде 12,5 мың алқаптың егіні орылып, орташа түсім 8,4 центнерден айналуда. Жекелеген аудандар мен шаруашылықтардың көрсеткіштері бұдан да жоғары. Мәселен, Айыртау ауданында гектар берекелілігі 26,7 центнерді құраса, Аққайың, Мамлют, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев аудандары бойынша 10 центнерден кем емес. Сөйтіп, 10 мың тоннадан астам дән алынып, қамбаларға жөнелтілді.

Қызылжар өңірінде басталған алғашқы астық жинау науқанына 32 комбайн, 10 тіркемелі жатка жұмылдырылған.

Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп қажет ететінін ескерсек, соңғы күндердің жауын-шашынды болуы өнімділікті көтере түседі деген сенім мол.

Бахтияр ТОҚЖІГІТОВ,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы агрономия бөлімінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp