«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғындар кінәлі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғарыштық мониторинг Петропавлда 63 қоқыс орынын анықтады. Оның 46-сы жойылуы керек. Заңсыз пайда бол­ған орындар Жұмысшы кентінде, Былғары зауыты шағын­ауда­нында, Пуш­кин мен Жуков көшелері аумағында орналасқан.

Кірпішті шағынауданындағы қоқыс алаңы қыста қар астында қалып, көзден таса болса, жаз­да айналаға жағымсыз иіс тара­туда. Мамандардың айтуынша, бұған тұрғындардың өздері кі­нә­лі, өйткені олар арнайы меке­ме­лермен келісімшартқа оты­рып, қоқыс жәшіктерін орнатуға құлық танытпайды.

– Бұл жер жыл сайын тазала­нады. Оның ешқандай нәтиже бер­мейтіні де шындық. Қазір бей­небақылау камераларын ор­нату мәселесі талқылануда. Бас­қа амалымыз жоқ, – деді қа­ла­лық тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бө­лі­мінің бас маманы Олег Гав­рилов. Мұндай заңсыз қоқыс орындары облыс орталығының басқа да аудандарында бар.

– Департамент мамандары ғарыштық мониторингтен кейін заңсыз қоқыс алаңдарын барып көрді. Бұл түйткілді мәселені тү­бегейлі шешу керек. Өйткені қо­қысты сыртқа шығарған күннің өзінде, тұрғындар олардың ор­нын тұрмыстық қалдықтармен қай­та толтырады, – деді облыс­тық экология департаментінің бас маманы Наталья Аржан­никова.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp