«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қорғансыз емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүкіләлемдік адам саудасы­мен күрес күніне орай облыс­тық полиция департаменті кри­ми­налдық полиция бас­қармасы­ның қызметкерлері тұрмыс­тық зорлық-зомбылықтан зар­дап шеккен әйел­дермен кездес­ті. Тәртіп сақ­шылары “Әйел­дерді қолдау орталығы” қоғам­дық бірлес­тігінің өкілдерімен бірлесіп, адам саудасына қарсы күрес туралы әңгімеледі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша тұрақ 2017 жылы ашылған. Мұнда пана іздеп келген әйелдер кәме­летке толмаған балаларымен тұра­ды. Олар бастарынан өткен жағдай­ларын айтып, келешектегі жоспар­ларымен бөлісті. Мамандар өз кезе­гінде адам саудасы өзекті мәселе екенін сөз етіп, онымен күресудің жолдары туралы баяндады. Олар балаларға сурет салуға арналған альбомдар, бояулар, қарындаштар мен ойыншықтар, сондай-ақ жеміс-жидек әкелді.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаровтың ай­туынша, адам саудасымен айналы­сатын қылмыскерлер соңғы жылда­ры интернет кеңістігін жиі пай­да­лануда.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp