«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өнегелі іс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Батыр Баянның ұрпақтары Мағжан Жұмабаев ауданындағы Аралағаш ауылы маңында ата-бабалары жерленген зиратты жөнге келтіріп, аруақтардың рухына құран бағыштады.

Өнегелі істің өтуіне ұйытқы бол­ған еңбек ардагері Зейнолла Ол­жабаев пен Ғомар Самаратов, Қа­һарман Құлжабаев, Аманжол Бай­мұратов бастаған Батыр Баянның өзге де ұрпақтары ата-бабаларын еске алып, кейінгі буынға үлгі көр­сетті. Бұл шараға “Қызылжар” ор­талық мешітінің имамдары мен ау­дан тұрғындары да қатысты.

Халқымызда “Өлі разы бол­май, тірі байымайды” деген қа­натты тәмсіл бар. Қазақтың әр ба­ласы бұл сөздің мағынасын түсінуі керек. Жастар үлгі алсын деген мақсатпен ата-балаларымыз жер­ленген ескі зираттың ішін тазар­тып, ретке келтірдік. Жан-жақтан Батыр Баянның ұрпақтары жинал­ды. Аруақтарға Құран бағыштап, ас бердік, – дей келе, Зейнолла Ол­жабаев бұл зиратта жерленген адамдардың 80 пайызы Батыр Баянның ұрпақтары екенін атап өтті. Көнекөздердің айтуынша, атал­мыш зиратқа осыдан 300 жыл бұ­рын адам жерлене бастаған. Бірақ соңғы жарты ға­сырға жуық уақыт мұнда ешкім қойылмаған.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp