10 тамыз – Абай күні қарсаңында Қызылжар ауданындағы Преснов ауылдық кітапханасында “Абай мұрасы – қазақ поэзиясының шыңы” атты кітап көрмесі өтті.
Іс-шараның мақсаты – кемеңгер тұлғаның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау. Әлеуметтік желілер арқылы ұлы ақын туралы түрлі бейнематериалдар да көрермендерге жол тартты.
Көрмеге ұлы ақынның көптеген шығармалары қойылды. Әсіресе әлеуметтік-гуманистік көзрастары терең білінген хакімнің “Қара сөздері” ерекше маңызға ие. Ол этикалық және философиялық ойларды ұсынудың жаңа форматын құрды. “Қара сөздер” бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Сондықтан Абай Құнанбаевтың мұрасы қазақ халқының әлеуметтік-этикалық кодексі, шын мәнінде халықтың өмір салтының ережесі болып табылатынын айтқан жөн. Шара барысында оқырмандар Абай ілімі жайлы тың деректермен сусындап, оның көркем шығармаларымен кеңінен танысты.
Сәуле ЖАҚЫПОВА,
Преснов ауылдық кітапханасының кітапханашысы.
Қызылжар ауданы.