«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяққа екі алтын жүзігін шешіп берген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында әйелді алдап, оның 600 мың теңге тұратын екі жүзігін алып кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, М.Жұмабаев ауданының полиция бөліміне облыс орталығының 68 жастағы тұрғынынан арыз түсті.

Оның айтуынша, алаяқ оны алдап, 600 мың теңге тұратын екі алтын жүзігін алып кеткен.

Жәбірленуші әйелдің М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаевта базарда бутигі бар. Оған бейтаныс кексе әйел бірнеше рет келіп, жұмыс орнын аластап беруді ұсынған.

Бастапқыда бұл ұсыныстан бас тартқанымен, кейін жәбірленуші келісімін берген.

«Емші» әйел тауық жұмыртқасымен аластау рәсімін жүргізіп, кейін барлық пәле-жала кетуі үшін құнды зат беруді сұраған.

Оны жеке пайда табу мақсатында емес, өртеу үшін алғанын айтқан.

Әйел қолындағы екі алтын жүзігін шешіп беріп, қолына тағы 20 мың теңге ұстатыпты.

Біраз уақыттан кейін есін жиған ол жағдайды бағалап, «емшіге» қоңырау шалған. Жауап бермегесін полицияға арыздануына тура келіпті.

Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Ол жуырда Булаев қаласындағы танысына келген Ақмола облысында тұратын 67 жастағы әйел болып шықты. Сақина тәркіленді.

Аталған факті «алаяқтық» бабы бойынша тіркелді.

Күдікті қолхатпен босатылды. Тергеу жүріп жатыр.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp