«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бүлдіршінді көлік қағып кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 7 жасар баланы жолаушылар өткелінде көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасында зардап шеккен баланың анасы оқиға куәгерлерін іздеп жатыр. Айтуынша, түскі сағат 13.00 шамасында жолаушылар өткелінде баланы көлік соққан. Қазір бүлдіршіннің жағдайы ауыр.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 4 тамыз күні Петропавлдағы Чайковский көшесінде сағат 12.50-де болған. «Nissan» көлігінің 58 жастағы жүргізушісі абайсызда жолаушылар өткелінен өтіп бара жатқан 7 жасар бүлдіршінді қаққан. Кейін жол-көлік оқиғасында жарақаттанған оны облыстық балалар ауруханасына жеткізген.

«Медициналық куәландыру ер адамның спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Материал процессуалды шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасына жіберілді», – делінген хабарламада.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp