Жаңа оқу жылының қарсаңында полицейлер балалар мен жасөспірімдер тарапынан және оларға қатысты жасалатын заң бұзушылықтарды ескерту жұмыстарын күшейтті. “Шара барысында полицияда есепте тұрған, шартты түрде мерзімінен бұрын босаған, ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған адамдарды, тұрмысы төмен отбасыларды тексеру шаралары ұйымдастырылуда”, – деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.
Учаскелік инспекторлар мен ювеналдық полицейлер балалар мен олардың ата-аналарына көшеде жүріп-тұру ережелері және байтаныс адамдармен сөйлеспеу жайлы ескертті. Акцияның алғашқы күнінде түрлі қылмыстар жасағаны үшін есепте тұрған 530 адам мен тұрмыс жағдайы нашар 122 отбасы тексерілді. Нәтижесінде есепте тұрған адамдардың тарапынан орын алған 4 құқық бұзушылық анықталды. Алдын алу шарасы тамыздың 13-іне дейін жалғасады.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің маманы.