«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтықпен күрес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері өңір тұрғындарына ин­тернеттегі алаяқтық жайлы ескерту үшін әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар ашты. Парақшалар “Cyberpolice_sko” және “Anti_fraud_15” деп аталады. Қазір 1600 қолдану­­шысы бар. Полицейлер әлеуметтік желіге жадынамалар мен жалған аккаунттар туралы ақпаратты, түрлі бейнероликтерді орналас­ты­рып тұрады.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климовтың сөзінше, әлеуметтік желі­лердегі жұмыстармен қатар, криминалдық полиция қызметкерлері көшелерде, қоғамдық орындарда жадынамалар мен буклеттер тара­ту бойынша акцияларды да өткізіп тұрады. Сондай-ақ облыс орталығында баннерлер ілін­ген.

Желідегі алаяқтардың құрығына түсіп қал­мау үшін интернетте қаржылық оперцияларды жасау кезінде мұқият болып, ақпаратты жан-жақты тексеріп алу қажет. Тікелей банкпен хабарласып, мәліметтерді растаған жөн. Сонымен қатар бөгде адамдарға жеке куәліктің, банк картасының мәліметтерін, кодтарды, құпия сөздер мен SMS-хабарламаларды айтуға болмайды. Интернеттегі алаяқтар солтүстікқазақстандықтарды “Колеса”, “Крыша”, “OLX” және “Instagram” арқылы жиі алдап жатады. Биылғы жеті айдың ішінде облыстық криминалдық полиция қызметкерлері 637 хабарландыруды тексеріп, 61-ін бұғаттады. Өңірде жыл басынан бері интернет алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелген.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp