«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өтініш беруге рұқсат

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ұлым биыл бірінші сыныпқа баруы тиіс. Алайда құжаттарды бірінші тамызға дейін ғана қабылдайтын көрінеді. Мен жылдағыдай жаңа оқу жылына дейін өткіземін деп ойлап жүр едім. Ұлымды енді мектепке қабылдай ма?”

Сәлима БЕГЕНОВА,

Петропавл қаласының тұрғыны.

Газетіміздің оқырманын алаңдатқан сауалға облыстық білім басқармасының заңгері Евгений ГАРЦУН жауап береді:

– Иә, министрлік тарапынан бірінші сыныпқа құжат қабылдау сәуірдің 1-і мен тамыздың 1-і аралығында жүргізілетіні туралы шешім шыққаны рас. Бұл мерзім мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың ата-аналары мектепті алдын ала анықтап, қажет құжаттарды уақытылы тапсырып, балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етуі үшін берілді. Ал мектеп әкімшілігі сыныптарды күні бұрын жинақтау, оқу құралдарының қажетті көлемін сатып алу, мұғалімдер арасында сағаттарды бөлу және сыныптар санына байланысты педагогтар құрамын анықтау бойынша жұмыстарды атқаратын болады. Осыған орай өтініштерді мерзімінде берудің маңыздылығы бірнеше рет ескертілді.

Өтініштерді қабылдау “Egov.kz” электрондық үкімет порталы арқылы жүргізілді. Мектепке қабылдау үшін баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (денсаулық паспорты, медициналық анықтама, фотосурет) талап етіліп, өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралды.

Кешігіп қалған ата-аналар қағаз жүзіндегі өтінішті тұрғылықты жердегі мектеп әкімшілігіне барып, еш кедергісіз тапсыруына болады. “Қызыл аймаққа” енген өңірлерде тұратындар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін ала алады.

Биыл республика бойынша біріші сыныпқа баруға тілек білдіргендердің саны – 325 мың бала. Облыста бұл көрсеткіш – 8053. Былтыр бірінші сыныпқа 7952 бала барған.

Дайындаған

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp