«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР БАСШЫСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. “Мен көктемде коронавируспен ауырып шықтым. Белгілі бір уақыт өтті, сондықтан дәрігерлер вакцина алуға кеңес берді. Ауырмау үшін мен отбасыммен екпе алу туралы шешім қабылдадым. Кеше ұлым екпе алды, ертең әйелім вакцина салдырады. Бүгін мен “Sputnik V” вакцинасының бірінші компонентін алдым. Барлығыңызды екпе алуға шақырамын. Бұл – қауіпті вируспен күресудің ең тиімді әдісі. Ауырмаңыздар!” – деп жазды әкім.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, өңірімізде вакцинаның бірінші компонентін салғандар саны 205060-тан асты, ал екінші компонентін 166273 адам қойғызды. Өкінішке қарай, ауру жұқтырғандар саны әлі де азаймай отыр. Тамыздың 8-і күні облыста 158 адам сырқаттанғаны белгілі болды. Облыс орталығының өзінде ғана 70 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, Қызылжар, Тайынша, Уәлиханов аудандарында науқастар саны басым. Өңірдің өзге аудандарында да ауру жұқтырғандар бар.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 153 адам ПТР тест тапсырды. Бүгінге дейін облыста коронавирус инфекциясына 404967 зерттеу жүргізілді. Соның 4,6 пайызы оң нәтиже көрсетті. Ал өткен тәуліктерде 1057 адамнан сынама алынды. Өкінішке қарай, өңірде ауру жұқтыру көрсеткіші жоғары болып тұр. Қауіпті инфекция жұқтырған науқастардың жалпы саны 19116 адамға жетті. Сондықтан мамандар қауіпсіздік талаптарын сақтап, барынша сақтанып жүруге кеңес береді.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp