«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Халық санағының екінші кезеңін жүргізуге 730 адам тартылмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында халық санағының бірінші кезеңі аяқталып, интервьюерлер 246,8 мың нысанды аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, интервьюерлер халық санағының бірінші кезеңінде 245,5 мың тұрғын және тұрғын үй емес нысанды аралап шығуы керек болды. Алайда олар жоспарды 100,5 %-ға орындады, яғни 246,8 мың ғимаратты аралаған.

Қазіргі кезде санақ жүргізушілер биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтетін науқанның екінші – негізгі кезеңіне дайындалып жатыр.

Мақсат – тамыз айының соңына дейін облысты тиісті учаскелерге бөлу.

Сондай-ақ облыста санақ жүргізетін персоналды жұмысқа қабылдау басталды. Өңірде халық санағының негізгі кезеңін өткізуге 730 иентервьюер мен нұсқаушы-бақылаушы қажет.

«Облыс тұрғындары арасында халық санағын жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Брифингтер ұйымдастырылып, мемлекеттік статистика орган өкілдері сұхбат берді. Бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жарияланды. Халық санағының негізгі кезеңін түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы биліктің көмегімен ақпараттық баннерлер орналастырылды. СҚО бойынша олардың саны – 70. Бұдан басқа елді мекендерде 40 мың ақпараттық жадынама тарату жоспарланған», – делінген хабарламада.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp