«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Азық-түлік бағасы көтерілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, биылғы қаңтар-шілдедегі инфляция 5,3 %-ды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең көп қымбаттағаны – азық-түлік. Мәселен көкөністер жыл басынан 21,3 %-ға, май және тоң май – 11,5 %-ға, қант – 10,3 %-ға, нан – 9,8 %-ға, ұн 9,6 %-ға қымбаттады. Бағасы өскен азық-түліктің ішінде жармалар, балық және теңіз өнімдері, алкогольсіз сусындар, тоқаш және ұннан дайындалған кондитер, сүт өнімдері бар. Олар 8,4-1,5 % аралығында қымбаттаған. Алайда жұмыртқа 10,4 %-ға, күріш 7,9 %-ға арзандады.

Жеті айдың ішінде бензин 16,4 %-ға, автомобильдер 6,9 %-ға, үйге қажетті заттар 4,7 %-ға, гигиеналық тауарларға – 4 %-ға, жуу және тазалау құралдарына 3,8 %-ға, фармацевтикалық өнімдерге 2,5 %-ға, киім және аяқ киімге 2 %-ға қымбаттады.

Бұдан басқа тарифтерде де өзгеріс бар. Мәселен электр қуаты – 18,5 %-ға, тарату желісі бойынша тасымалданатын газ 9,9 %-ға өскен. Пошта қызметінде, нотариус, сақтандыру қызметтерінде, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер де 6,5-2 % аралығында өскен.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp