Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз екеу көлікті айдап әкетіп, оларды ұстау үшін полицейлер «Тосқауыл» жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО-дағы «Оңтүстік» өткізу пунктін бүгін шлагбаум қойып жабуға тура келді.
Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта автожол ашық, кедергі алынды. Жолға шлагбаум қоюға көлікті айдап әкету фактісі себеп болған.
10 тамыз күні сағат 4.20 минут кеткенде Мамлют аудандық полиция бөлімінің «102» нөміріне хабарлама түседі. Хабарласқан адам 5 минут бұрын Покровка елді мекенінің маңынан екі бейтаныс адамның ақ түсті көлікті белгісіз жаққа айдап әкеткенін айтқан.
Бұл факті бойынша «Тосқауыл» жоспары енгізілді.
Ұрланған көлік облыс аудандарының бірінен табылды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиға орнында жұмыс істеп, істің мән-жайын анықтап жатыр.
https://www.inform.kz/