«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰНДЫ ЕҢБЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Egemen Qazaqstan” газетінде жа­рияланған ғалым, публицист, қоғам қайраткері Дархан Қыдырәлінің “Та­рихқа хайп емес, байып керек” деген мақаласы мені терең ойға жетеледі. Мен де өңіріміздің бас басылымы – облыстық “Soltústik Qazaqstan” газе­тінің оқырмандарымен ой бөлісуді жөн көрдім. Нақтырақ, “Қазақ дала­сында” атты құнды еңбекпен таныс­тырғым келеді.

Бұл кітап – 2020 жылы еліміздің ас­танасы Нұр-Сұлтан қаласында жа­рық көрді. Алаш жұртының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұр­пын еуропалық көзқараспен қызықты етіп ақ қағазға түсірген Джон Уорделл­дің бұл туындысын біздің жерлесіміз, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ұстазы Мәдина Анафинова Англиядан алып келіп, қыз­меттес ғалымдармен ақылдаса отырып, қазақ және орыс тілдеріне аударды. Енді баршамызға бұл құн­ды еңбекті оқуға мүмкіндік туып отыр.

Жоғарыда айтып өткенімдей, бұл кітаптың авторы – жазушы емес, ағылшын инженері Джон Уилфорд Уорделл. Тарихи туындының алғысөзінде автор Қазақстан халқының болашақ ұрпағына әлемдегі кең далалы аймақтардың бірі туралы өзінің жолжазбалары мен алған әсерлері қызықты болатындығын жазған. Бұл еңбектен оқырмандар жүз жыл бұрынғы қазақ даласындағы жағдайды өз көзімен көргендей әсер алары сөзсіз. Сондықтан біз үшін тарихи туындының маңызы ерекше.

Кітапта бірінші дүниежүзілік соғыс және азамат соғысы өршіген қазақ өл­кесіндегі жағдай мен Ресей империясының отарлық езгісіндегі Алаш жұртының хал-ахуалы суреттеледі. Бұл еңбек – 1961 жылы Лондонда ғылыми айналымға енген. Онда сол кездегі фотосуреттер мен карталар кеңінен көрініс тауып, қазақтардың тұрмысы, мә­дениеті, өлкенің табиғаты ғана емес, сондай-ақ 100 жыл бұрынғы Солтүстік Қазақстандағы тарихи оқиғалар, экономикалық жағдай, өнеркәсіптің дамуы сипатталған. Кітаптың бір ерекшелігі, Джон Уорделлдің құжаттарында тарихи деректер мен шындық қатар өріліп, сол кездегі Солтүстік Қазахстан өңірі туралы өзіндік көзқарас орайлы жеткізілген. Кітапты оқи отырып, қазақ халқының өмірі, тұрмыс-тіршілігі және мәдениеті терең зерттеліп жазылып, нақты әрі толық дәрежеде суреттелгеніне таңғаласың. Оқырман еріксіз ұлы өзгерістер кезеңіндегі тарихи оқиғалардың қыр-сырына тап болады.

Тілек ӘБДІРАХМАНОВ,

еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp