«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Өлмейтұғын артына сөз қалдырған”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Абай күні аясында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бірлесіп, “Өлмейтұғын артына сөз қалдырған” атты “дөңгелек үстел” отырысын өткізді.

Онлайн шарада М.Қозыбаев атындағы СҚУ оқытушысы, “Абайтану” орталығының ғылы­ми қызметкері Жазира Көкбас­қызы, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Гүл­мира Касиенова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының аға оқытушысы Балғаным Оспанова сөз сөйледі. Олар Ұлы даланың кемеңгері Абай Құнанбаевтың мұрасы – халықтың сарқылмас қазынасы екенін тілге тиек етті.

Отырыста облыстық мәде­ниет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Данияр Маекенов Абайдың орыс жазушысы И.Бу­ниннен аударған “Қорқытпа мені дауылдан” өлеңін оқыды. Бұл жиынға аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлері де қашықтан қатысқанын айтып өткен жөн.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp