«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Депутаттар құрамындағы өзгеріс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті. Жиын басында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Каскин мәслихаттағы бос орынға жаңадан сайланған депутатты таныстырды. Наталья Кинцель “Ақ жол” партиясы атынан депутаттық мандатқа ие болды.

Бірінші мәселе бойынша сөз кезегі облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкантка беріліп, ол 2021-2023 жылдарға арналған бюджетке енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ринат Елжасов облыстық мәслихаттың жергілікті жерлердегі ішкі көші-қон үрдісін реттеу қағидаларын бекіту туралы шешіміне енгізілетін өзгерістерді халық қалаулыларының талқысына салды.

Облыс қалалары мен ауылдары аумағындағы жасыл көшеттерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту жайлы шешімге өзгеріс енгізу туралы жобаны облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Мұхамедиев ұсынды.

Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов Петропавл қаласындағы әмбебап теннис орталығы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс білдірді.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұсынысымен кадрлық өзгерістерге байланысты облыс әкімдігіне қарасты бірқатар комиссиялардың құрамдарына толықтырулар енгізілді.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамы туралы шешімге де өзгерістер енгізілді. Депутаттар күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша пікір алмасып, тиісті шешімдер қабылдады.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp