Солтүстік Қазақстан облысында оқушыларды жаңа оқу жылында оқулықпен қамту үшін 624,6 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, аудандар мен Петропавлдың білім бөлімдері оқулықтар сатып алу үшін баспалармен 181 шарт жасаған. Биыл облысқа 624,6 млн теңгеге 364 мың оқулық жеткізілмек. Кітаптарды тасымалдауға 15 шарт жасалды.
Қазір өңірдің 500-ге жуық мектебінің оқушыларына кітапханаларда бар 67 435 оқулық жиынтығы 100% таратылды. Оқулықпен 2-11 сынып оқушылары қамтылды.
«Қазіргі уақытта оқу әдебиеттерін тираждау жалғасып жатыр. Баспалар мен тасымалдаушылар оқулықтарды белгілі бір кестемен өңірге жеткізіп отырады. Ол кесте бекітілді және партиямен жөнелтіліп жатыр.
Оқу әдебиеттерін баспалардан барлық өңірлерге жөнелту 20 тамызға дейін жоспарланған. 25 тамызға дейін облыстың барлық мектептері жаңа оқулықтармен қамтамасыз етіледі», – делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта баспалардың 42 пунктінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік жиынтықтар тиелді, ал 23 тиеу пунктінен жеткізілді.
https://www.inform.kz/