«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді, қауіпті инфекция 170 адамда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде пандемия басталғалы коронавирус барлығы 19 758 адамнан анықталды. Оның 170-і індетті өткен тәулікте жұқтырды. Бұл – өңірде тіркеліп отырған рекордтық көрсеткіш (10 тамызда – 157, 11 тамызда – 159 адам). Ауырғандардың жоғары үлесі – Петропавлда, мұнда КВИ жұқтырудың 75 жағдайы тіркелген. Аудандар бойынша, ең көп науқас облыс орталығына «тиіп» тұрған Қызылжар ауданында (17 адам) және курорттық аймақ – Айыртау ауданында (15 адам) анықталды. Есіл мен Тайынша аудандарында 11 жағдайдан тіркелсе, қалғандарында бұл көрсеткіш шамамен екі есе аз.

Өңірде коронавирус жұқтырғандарға арналған 1715 орын бар, оның қазір 47% толы. 775 адам ем алып жатыр, 58 сырқаттың жағдайы аса ауыр, олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ресми ақпарат бойынша, індет басталғалы СҚО-да 82 адам коронавирустан қайтыс болды, оның екеуі өткен тәулікте көз жұмды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp