«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбек адамына құрмет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Еңбек жолы – 2021” өңірлік байқауы­ның қо­рытындысы шықты. Байқаудың мақсаты – жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрле­­рін сақтау және көбейту үшін үздік ең­бек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындау. Конкурс еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға және еңбек өнімділігіне ынталандыруға ықпал етеді.

Байқауды өткізу аясында өңірлік деңгейде әртүрлі іс-шаралар жүзеге асырылды. “Еңбек – елдің мұраты” арнайы жобасын іске асыру және 2021 жылы “Еңбек жолы” конкурсын өткі­зу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы әкімдіктердің сайттарында және БАҚ-та хабарландыру жарияланды. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестік тараптарының назарына жеткізіліп, биылғы 15 наурыз бен 1 шілде аралығында конкурсқа қатысуға үміткерлерден өтінімдер қабылдау жүргізілді. Нәтижесінде басқармаға 17 өтінім келіп түсті.

Байқаудың қорытындысында “Үздік еңбек әулеті” аталымы бойынша Тайынша ауданының “Астық STEM” ЖШС-де жұмыс істейтін Звольский әулеті жеңімпаз атанды. Облыс орталығындағы “Партнер-Авто” ЖШС-де еңбек ететін Рахымовтар әулеті екінші орынды иеленсе, Уәлиханов ауданының “Уәлиханов ОАА” ШЖҚ КМК-інде жұмыс істейтін Серғазиндер әулеті үздік үштікті түйіндеді. “Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері” аталымы бойынша 1-орынды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-ы филиалының “Ақмола магистральдық желі бөлімшесі” Жаңа-Есіл сигнализация және байланыс дистанциясының қызметкері А.П.Гайворонский жеңіп алды. Тайынша ауданындағы “Новый труд” ЖШС-нің қызметкері В.П.Чубик 2-ші орынға жайғасса, Қы­зылжар ауданындағы “Левин В.Д.” ЖК-нің қызметкері А.П.Коротков 3-ші орынды иеленді. Ал Уәлиханов ауданындағы “Жолдасбай Агро” фермерлік шаруашылығының қызметкері Е.П.Сәбитбек “Өндірістің үздік жас маманы” аталымында топ жарды. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның “ES GLOBAL Agro” ЖШС-інің қызметкері С.Э.Вельц 2-ші орынға лайық деп танылса, 3-ші орын “Левин В.Д.” ЖК-нің қызметкері А.В.Жолудевке бұйырды.

Әр аталым бойынша жеңімпаздардың құжаттары “Еңбек жолы” конкурсының республикалық кезеңіне қатысу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне жіберіледі.

Әсемгүл МАТЕНОВА,

облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp