«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНУАРҒА ЖАНАШЫРЛЫҚ ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында күннен-күнге қаңғыбас ит-мысықтардың саны артып келеді. Бұған қаладағы жер үйлердің сүріліп, олардың орнына көпқабатты баспаналардың тұрғызылуы да себеп болуда. Жаңа пәтерлеріне жануар кіргізуге құлықсыз тұрғындар иттерін қаңғыртып жіберуге мәжбүр.

Шаһарда иесіз иттер мен мысық­тарға арналған орталықтың жұмыс істейтінін айта кеткен жөн. Бүгіндері бұл жерде 400-ден астам жануар бар. Төртаяқтыларға пана табылғанымен, түйіні шешілмеген тағы бір түйткіл бар. Яғни орталықтағы жануарларға азық табу мәселесі өзекті. Осынша ит пен мысықты асырау үшін айына кем дегенде 2 млн. теңге қаражат қажет.

Жуырда Халықаралық хайуана­тарды қорғау күніне орай Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы аталмыш орталыққа гуманитарлық көмек көрсетті. Салпаңқұлақтарға тамақпен қатар жайлы үйшіктер де жеткізілді.

Асылжан БЕГАЛИНОВА,

ерікті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp