«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жерлестеріміз – жеңімпаз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында президенттік көпсайыстан ел бірінші­лігі өтті. Спорт күні қарсаңында ұйымдастырылған сайысқа еліміздің алты облысынан жиналған 80-ге жуық спортшы қатысты.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Марат Шынтеміровтің айтуынша, төрт күнге созылған додаға 10 мен 75 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Жарыс бағдарламасы бойынша олар күштік гимнастика, пневматикалық қарудан нысана көздеу, жүгіру және шаңғы роллер тебуден сынға түсті. Нәтижесінде өңіріміздің намысын қорғаған команда біріншіліктің жеңімпазы атанды. Атап айтқанда, жерлес спортшылар 22 алтын, 15 күміс және 8 қо­ла медаль иеленді.

61 жастағы солтүстікқазақстандық көпсайысшы Василий Подмогильныйдың айтуынша, соңғы10 жыл көлемінде біздің құрама Қазақстан бойынша көпсайыстан көш бастап тұр. Тек өңірде жаттығу үшін арнайы жолдар жоқ. Осы түйткіл шешімін тапса, спорттың бұл түріне келушілер қазіргіден де көбейер еді.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp