«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДАНЫСТА ҚАНДАЙ ЫДЫС?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде ыдыс-аяқ пен пластмассадан жасалған басқа да бұйымдарға Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай Кеден одағының “Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы” (КО ТР 007/2011), “Қаптаманың қауіпсіздігі туралы” (ТР ТС005/2011) техникалық регламенттері белгіленген.

КО ТР 007/2011 балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ химиялық, биологиялық, механикалық және термиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша балаларға арналған бұйымдарға (сүт емізіктері, емізік-пустышкалар, ыдыс-аяқ, асхана аспаптары, санитарлық-гигиеналық және галантереялық бұйымдар, тіс щеткалары және қызыл иекке арналған массажерлер) міндетті қауіпсіздік талаптары бар.

Еуразиялық экономикалық одақ алқасының 2013 жылғы 5 наурыздағы “Кеден декларациясын беруге қатысты “Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы” Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдердің (бұйымдардың) тізбесін бекіту туралы” N28 шешіміне сәйкес дайындаушы 3 жасқа дейінгі балаларға арналған пластмассадан жасалған ыдыс-аяқ, асхана құралдарын сертификаттау мен декларациялаудан өткізуі тиіс. Пластмассадан жасалған ыдыс-аяқ пен шаруашылық мақсаттағы бұйымдарға қойылатын жалпы талаптар, сондай-ақ оның халықтың өмірі, денсаулығы, мүлкі және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған міндетті талаптар ҚР СТ ГОСТ Р 50962-2008 белгіленген.

Стандартқа сәйкес тамақ өнімдеріне арналған пластмассадан жасалған бұйымдарды дайындау үшін өндірістік қалдықтарды қолдануға жол берілмейді. Полиэтилен-терефталат – бұл бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ, жұмсақ су бөтелкелері, май және тұздықтар жасау үшін жиі қолданылатын экологиялық таза полимерлердің бірі. Полиэтиленнің әртүрлі тығыздықтағы көптеген түрлері бар. Соған байланысты материалдан пленка, пластикалық контейнерлерді, бөтелкелерді, қайта пайдалануға болатын табақтар мен ыдыстарды жасауға болады.

Полистирол – бұл полимерден жасалған контейнер. Негізінен салқындатылған сусындар мен бөлме температурасындағы өнімдерді сақтауға арналған.

Полипропилен – бұл материал 130-140 градусқа дейінгі температураға төтеп бере алады, сондықтан микротолқынды пеште тағамды жылыту үшін оңтайлы. Меламин – мұндай пластиктен фарфорға ұқсайтын өте әдемі ыдыс алынады. Бірақ пластмассаның бұл түрі тағамға химиялық компоненттерді көп мөлшерде шығарады. Өте қауіпті материал болғандықтан соңғы жылдары меламиннен ыдыс-аяқ жасауға тыйым салынды.

Ас құралдарының жиынтығында стақан мен шанышқы белгісі болуы өте маңызды. Бұл тағамды сақтауға арналған ыдыс-аяқ екенін білдіреді. Егер мұндай белгі болмаса пластик қауіпті, денеге зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан оны сатып алудан бас тартқан дұрыс. PS белгісі – полистиролмен белгіленеді. Мұндай ыдыстарды тек суық тағамдар мен алкогольсіз сусындарға қолдануға болады. Материал ыстық тамақ, алкогольмен үйлеспейді. Өйткені бұл стиролдың көбеюін тудырады, осылайша адамның бауыры мен бүйрегіне зиян келтіреді. 5 саны немесе PET белгісі – полиэтилен-терефталатты білдіреді. Мұндай белгілері бар шыныаяқтар әдетте квас, морс және лимонад сияқты сусындарды сатуда қолданылады. Олардан алкоголь бар сұйықтықтарды, сондай-ақ ыстық шай немесе кофе ішуге тыйым салынады.

Азамат КӘРІМОВ,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp