«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Интернет арқылы шөп сатып алмақ болған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мал азығын сатуға қатысты бірден төрт интернет алаяқтықты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Мамлют ауданындағы ауылдың бірінің тұрғыны жүгініп, жарнама сайтында алданып қалғанын айтқан. Айтуынша, ол хабарландыру арқылы 58 мыңға шөп теңдеріне тапсырыс берген. Бір орама шөпті 7 мың теңгеге алмақ болған. Алайда «сатушы» ақша қолына тиісімен, не қоңырауға не хабарламарға жауап бермеген. Осылайша жәбірленуші әйел алданғанын түсінген.

Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, жем-шөпке сұраныстың артуын алаяқтар да пайдаланған. Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізді. Қостанай облысына іссапар барысында интернет-алаяқтыққа барған күдікті анықталып, ұсталды. Ол 21 жастағы Рудный қаласының тұрғыны болып шықты. Жас жігіт Мамюткаға жеткізілді, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі «алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оның осындай оқиға желісі бойынша Қызылжар ауданының тұрғыны мен Петропавлдың екі тұрғыны зардап шеккен интернет-алаяқтыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Алаяқтар маусымдық сұранысқа ие тауарларды желеу етіп, үнемі жаңа айла мен оқиға ойлап табады. Халықты сақ болуға, тауар және сатушы бойынша жұрттың пікірін оқып, танысып және олардан сататын тауарларының бейнешолуын жіберуін талап етуді сұраймыз», – дейді Серік Әлжанов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp