«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛЖЕТІМДІ КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты аумақтық департаменттердің негізгі міндеттері – зейнетақы беру және әлеуметтік қамсыздандыру, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес облыстық департамент 15 мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Мемлекеттік қызметтің 14 түрін алушылар “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына жүгінеді. Ал “мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу” мемлекеттік қызметін алу үшін құжаттар департаментке тікелей тапсырылады.

Бүгінде әлеуметтік-еңбек саласын сандық жүйеге көшіру ерекше маңызға ие. Жалпы министрлік электрондық, проактивті, өтінішсіз және композиттік қызмет аясында жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінде барлық бағыттарды қамтитын әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

Қазір 15 қызметтің 8 түрін “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы алуға болады. Мәселен, бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды, жерлеуге арналған біржолғы төлем, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бала кезінен бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау жатады. Алты қызмет проактивті форматта көрсетіледі: бұл баланың туылуына (бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақы), зейнетақы жарналары бойынша мемлекеттік кепілдіктерді төлеуге, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақылар, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау. Бұл формат азаматтарға Қазақстанның қай жерінде болса да аталған қызметтерді мобильдік телефон арқылы алуға мүмкіндік береді. Яғни мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне немесе электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ. Қажетті мемлекеттік қызметті азамат SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бірақ SMS-хабарлама алу үшін телефон нөмірлері порталдағы жеке кабинеттерінде бекітілуі тиіс.

Сонымен қатар зейнеткерлік жасқа толу, аналар мен балаларды қолдау, мүгедектікті анықтауға байланысты композиттік қызметтер де ұсынылады. Мысалы, мүгедектікті алғаш тағайындаған кезде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, жәрдемақыны тағайындауға “бір өтініш” қағидаты бойынша өтініш беріледі. Яғни азаматқа мемлекеттік корпорацияға бармай-ақ департаментте мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақыға өтініш беруге болады.

Үстіміздегі жылдың 7 айында біздің департамент 17108 мемлекеттік қызмет көрсетті. Соның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы – 891, проактивті форматта – 1317, композиттік қызметтер – 570, мемлееттік корпорация арқылы – 10550, тікелей департамент арқылы 3780 қызмет көрсетілді.

Бүгінде облыста 26 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар. Соның 2 мыңнан астамы бала. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды жүзеге асыру барысында 2020 жылдан “әлеуметтік қызметтер порталы” іске қосылды. Портал мүмкіндігі шектеулі жандарға оңалтуға арналған техникалық құралдар мен қызметтерді өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

Гүлбақыт МАНАБАЕВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp