Күздің салқынымен қатар өрт саны да күрт көбейеді. Әсіресе адамдар мұржаларды алдын ала тазалап алмай пеш жағуды бастайды. Электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезінде де өрт қауіпсіздігі қағидаларын ескермейтіндер бар.
Үстіміздегі жылы облыс аумағында 450 өрт оқиғасы орын алды. Нәтижесінде 35 адам жарақат алып, 36 тұрғын қаза тапты. Өңірде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқыс оқиғаның алдын алу, жылу беру маусымына дайындықты тексеру мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Бұл жұмысқа департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағыныстағы бөлімшелерінің жеке құрамы тартылуда. Айлықтың алғашқы кезеңі 14 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, келесі кезең 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін өтеді.
Айлық шеңберінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, полиция қызметкерлерімен, еріктілермен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп “Өрт қауіпсіздігі күндерін”, тұрғындармен түсіндіру шаралары мен тұрғын үй секторында рейдтер жүргізеді.
Марина САМОЙЛЕНКО,
облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері.