«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан Қазақстан кубогының топтық ойындары аяқталды. Жергілікті “Qyzyljar” клубы плей-офф кезеңіне шықты.

Жерлестеріміздің топтық кезеңдегі соңғы кездесуі “Қарасай” стадионында қарағандылық “Шах­­термен” өтті. Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ қызылжарлықтар шабуылды үдете түс­ті. Ойынның 19-шы минутында шахтерлік қорғаушы Богдан Савкив өз қақпасына гол соғып алды. 33-ші минутта есепті Семир Смайлагич еселей түсті. Кездесудің бірінші бөлігі аяқталуға санаулы минуттар қалғанда ғана қарағандылық Руслан Тұтқышев есеп айырмасын қысқартты.

Екінші тайм басталысымен жерлестеріміз ойынды ширата түсті. Алдымен Дмитрий Шмидт, кейін Дарко Зорич қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Бұдан кейін Семир Смайлагичтің нәтижелі соққысымен есеп 5:1-ге дейін жетті. Матч барысында Андрей Карпович бірнеше ойыншыны алмастырып, алаңға тыңнан шыққан Алмаз Измайлов 67-ші және 72-ші минуттарда дубль авторы атанды. Ал кездесудің нүктесін Артем Черединов қойды. Қорытынды есеп – 8:1.

Осылайша “Qyzyljar” клубы ел кубогындағы топтық кезеңінде 13 ұпай жинап, келесі кезеңге жолдама алды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Facebook”-те жерлестерімізді жеңісімен құттықтап, бұл клуб тарихындағы ең ірі есеп екенін жазды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp