«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мақсаты айқын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде қыз-келіншек араласпайтын сала жоқ. Әсіресе темірдей тәртіпке бағынып, әскери қызметке өмірін арнап, ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер аз емес. Қазір полиция саласында да қыздардың қатары қалың. Мәселен, Айыртау аудандық полиция бөлімінде онға жуық нәзік жан жұмыс істейді. Отан алдында адал қызмет етуге ант берген арулар ерлерден кем түспей, күні-түні тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысуда. Солардың бірі – Мәдина Метқали.

Аудандық полиция бөліміндегі ең жас қызметкер болса да, Мәдина Жоламанқызының кәсібилігіне шек келтіруге болмайды. Ол кішкентай күнінен әкесі сияқты полиция қызметкері болуды армандаған. “Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу” демекші арманы асқақ, мақсаты айқын қыздың бойындағы ерік-жігерді, табанды талпынысты байқаған ата-анасы оның болашағына зор үміт артты.

– Маған ата-анам үлкен қолдау көрсетіп, қамқорлық танытты. Алға қойған мақсатыма қол жеткізу үшін жақсы оқып, әрқашан алда болуға тырыстым. Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсіп, тергеуші мамандығы бойынша білім алдым, – дейді полиция лейтенанты. Жас маман алғашқы еңбек жолын Петропавл қалалық №1 полиция бөлімінде тергеуші болып бастайды. Кейін туған жері – Айыртау өңіріне оралып, қазір аудандық полиция бөлімінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы болып қызмет атқаруда.

– Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын. Сондықтан бұл саланы таңдағаныма өкінбеймін. Осындай дәрежеге жеткізген жақындарым мен ұстаздарыма алғыс білдіремін, – деген Мәдина қазақтың Мәншүк, Әлия, Хиуаз сынды батыр қыздарының ерлігін әрқашан үлгі ететінін атап өтті.

Бағлан ҚОЖАҚОВ.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp