Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырған балалар саны күрт артып, 1 082-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста коронавирус жұқтырған балалардың саны 1 082-ге жетті. Есепке туғанына 28 күн болған сәбилер мен 18 жасқа дейінгі балалар алынған. Қауіпті инфекция жұқтырған балалардың 842-сі тәуір болып шықты. 225-і дәрігерлердің қарауында. Соның ішінде 27-сі инфекциялық стационарда ем алып жатыр.
«Балалар бұрын коронавирусты жұқтырғанда оларда көп жағдайда белгісі білінбейтін. Қазір ауырып, ем алып жатқандардаң жағдайлары орташа. Дене қызуымен, дем ала алмай түседі. Сол себепті сақтанып жүруге, қоғамдық орындарға бармауға кеңес береміз», – дейді СҚО көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьялов.
СҚО-да өткен тәулікте 166 адам коронавирусты жұқтырса, соның 16-сы – 18 жасқа дейінгі бала. 38-і үй карантинінен жіберілді.
Жалпы пандемия басталғалы 1 жасқа дейінгі 17 сәби ауырған. 1-3 жастағы 45 және 3-5 аралығындағы 19 бала жұқтырған.
https://www.inform.kz/