«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Он төрт көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда көктемде басталған абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын, өмір сүруге жайлы қала болуы үшін жыл сайын қыруар жұмыс атқарылып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл да Петропавлда жолдар жөнделіп, тұрғын үйлердің шатырлары мен аулалары жөнге келтіріліп жатыр. Сондай-ақ жылу желілері мен суағарлар ауыстырылып, тегін автотұрақтар салынды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов шаһарда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын көрді. Бұл жайында ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

«Облыс орталығында көктемде басталған жөндеу науқаны аяқталуға жақын. Өңір экономикасының дамуы облыстық бюджеттен қала қазынасын толтыруға мүмкіндік береді.⠀

Соңғы 5 жылда Петропавлдың бюджеті 37 млрд-тан 67 млрд теңгеге дейін өсті, яғни 1,8 есеге ұлғайды. Осының арқасында қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 5 жылда осы мақсатқа шамамен 7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат аулаларды жөндеуге, балалар мен спорт алаңдарын орнатуға, алаңдарды, ақысыз автотұрақтар мен жаяу жүргіншілер жолын жабдықтауға жұмсалды», – деді Құмар Ақсақалов.

СҚО әкімінің айтуынша, 4 жыл ішінде Петропавлда 386 аула жөнделді. Биыл жоспар бойынша тағы 60 аула жөнге келтірілуі керек болса, іс жүзінде 78 аула жөнделді. 261 жаңа балалар алаңқайына биыл тағы 60 ойын алаңы қосылады. «Біз биыл үйлерді жаңғырту бағдарламасын қайта жүзеге асыра бастадық. Қалада 14 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өтеді. 8 көпқабатты үйде жаңа лифттер пайда болады», – деді СҚО әкімі.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp