«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Инфекциялық стационарға түсіп жатқандардың әр оныншысы ғана вакцина алған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысындағы көпбейінді аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног коронавирусқа қарсы вакциналауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО көпбейінді аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног емдеу мекемесінің инфекциялық стационар сырқаттарына қатысты зерттеу жүргізіп, статистикамен бөлісті. Бұл жайында ол Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Бас дәрігер өткен аптаның жұма күні және бүгін бір аптадан кейін ауруханадағы инфекциялық стационар емделушілерімен кездесіп, сырқаттарды қарап өткен. Әр палатада ауырып жатқандармен сөйлесіп, олардан коронавирусқа қарсы вакцина алған-алмағанын сұраған.

«Өткен аптада 108 сырқат болса, соның тек тоғызы ғана вакцинацияның толық курсынан өткен. Бүгін 112 сырқат жатса, соның тек 15-і ғана екпе қойдырған. Олардың алған вакциналары әртүрлі: Спутник V, Hayat-Vax және QazVac. Яғни қазір ауырып жатқандардың әр оныншысы ғана вакцина алған. Оның ішінде сондай-ақ вакцинация бойынша «келіскен» сырқаттар да болуы мүмкін. Өйткені сұраған кезде олар өте сенімсіз жауап берді.

Вакцина алған сырқаттардың барлығының жағдайы орташа. Айта кетейін, вакцина алғандардың ешқайсысы бізде жансақтау бөлімінде жатқан жоқ. Әрине, саны бойынша бұл іріктеу статистикалық маңызды емес, десек те шынайы! Қорытынды: вакциналар өз міндетін орындап жатыр, ол қорғайды! Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!», – деп жазды дәрігер Юрий Белоног.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp