Конституция күні қарсаңында Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Smart Kids” балалар орталығының тәрбиеленушілері қонақта болды.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, Конституция туралы ақпарат беріп, Ата Заңға құрмет қалыптастыру. Балаларды “заң”, “құқық” ұғымдарымен таныстырып, олардың бойында отаншылдық рух, патриоттық сезім қалыптастыру болды.
Ертегілерден үзінділер тамашалаған балақайлар адамдардың құқықтары туралы білімдерін кеңейтті. Бүлдіршіндер шараға өте белсенді қатысты. Өскелең ұрпақты кітап оқуға баулуда рухани орда мен “Smart Kids” балалар орталығы арасындағы әріптестік байланыс одан әрі нығая түспек.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.