«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Локдаун енгізілуі мүмкін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тамыздың 20-сы күнгі ақпарат бойынша облыста 171 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны анықталды. Оның 145-де ауру белгілері бар. Бұл жайында орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Науқастардың дені Петропавл қаласы мен Қызылжар, Айыртау аудандарында тіркелді. Тайынша, Ғабит Мүсірепов атындағы, Уәлиханов, Есіл, Аққайың, Жамбыл, Ақжар, Мамлют ауданындарының тұрғындары да ауру жұқтырған. Соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны – 2032-ден 2267-ге жетті.

Жыл басынан 217332 адам екпенің бірінші компонентін алды. Бұл өңір тұрғындарының 69,9 пайызын құрайды. Ал 182591 адам вакциналаудың толық курсынан өтті. Тәулігіне орта есеппен 800-900 адам екпе алуда. Бұл өткен аймен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Вакциналау шарасына белсенділіктің төмендеуі эпидемиологиялық жағдайға теріс әсер етеді, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына мүмкіндік бермейді. Вирус екпе алмаған тұрғындар арасында тез таралады.

– Бір айдан астам уақыт біз “қызыл” аймақта тұрмыз. Аурудың апталық деңгейі “қою қызыл” аймаққа сәйкес келеді. Егер ауруханаларда науқастар жатқан төсек орын 70 пайыздан асса, барлық қызмет көрсету саласына локдаун енгізуге мәжбүр боламыз. Сондықтан барлықтарыңызды санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp