«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оңалту орталығы ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық фтизиопульмонология орталығының Мағжан Жұмабаев аудандық бөлімшесінде бронх-өкпе патологиясы және коронавируспен ауырған науқастардың денсаулығын қалпына келтіруге арналған медициналық оңалту орталығы ашылды.

Отыз орынға шақталған орталық орман ортасында орналасқан. Сондықтан таза ауада дем алуға қолайлы. Орталық зама­науи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда физиотерапияның түрлі әдістері қолданылады. Механотерапия, велоэрго­метрде динамикалық жаттығулар, лазерлік терапия, иммуностимуляторлық, седативті ем-дом мен тұзды үңгір бар.

Жаттығу терапиясы таза ауада ұйымдас­тырылып, емделушілер орманда серуендейді. Бұл өз кезегінде ағзаның тез қалпына келуіне ықпал етеді. Бөлімшеде ем-дом алып, оңалтудан өтуге барлық жағдай жа­салған, бөлмелері таза, жайлы әрі жарық. Тәжірибелі медицина қызметкерлері тәулік бойы науқастарға көмек көрсетеді. Сондай-ақ емделушілер бес мезгіл тамақтанады. Бүгінде 52 адам оңалтудан өтті. Бұл бірегей орталық әлі де көптеген адамға көмек беретіні анық. Ал орталықты жабдықтауға қол ұшын созған кәсіпкерлерге аудан жұртшылығы өз ризашылықтарын жеткізуде.

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp