Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде 19 адам есепке алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары бұрын сотталған адамдарды бақылап, тексеріп қана қоймай, сондай-ақ есепте тұрғандарға көмек көрсетуге де міндетті. Қызметкерлер әрқайсысы өз учаскесінде осы санаттағы азаматтармен жұмысқа ерекше көңіл бөледі. Ең бастысы олардың қайта қылмыс пен құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу, алдын алу.
Ұсақ ұрлыққа, қаруды ұқыпсыз сақтауға, заңсыз ағаш кесуге заңнамаға сәйкес түзеу және қоғамдық жұмыстар көзделген. СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметінде қоғамдық жұмыс түрінде жазаға тартылған қазір 19 адам есепте тұр.
Жыл басынан пробация қызметінің есебінен 1925 сотталған өткен, оның 104-і қоғамдық жұмыстарға тартылған. 85 сотталған сот үкімімен тағайындалған 71 сағатты өтеуіне байланысты есептен шығарылды.
https://www.inform.kz/