«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛ ЕРГЕ — ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші ашылды. Ел мен жердің тұтастығын сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосқан тау тұлғаның мүсіні Нұр-Сұлтан қаласындағы Әскери-тарихи музей жанындағы алаңға қойылды. Қазақтың қайсар ұлына ескерткіш қойылуына қызылжарлықтардың да қосқан үлесі орасан. 2019 жылы Петропавл қаласында тұратын Жақсылық Ысқақов, Болат Сағындықов, Зейнолла Олжабаев, Таңат Сүгірбаев, Амангелді Кенжеғозинов, Ахметжан Қуантаев, Жангелді Тәжин және Сағындық Салмұрзин бастаған белсенді азаматтар сол кездегі Парламент Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Кәрібай Мұсырманға хат жолдап, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневке астанада ескерткіш орнатуға көмектесуді сұраған болатын.

Халық қалаулысы бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтановқа хат жазып, ескерткіш орнату мәселесін қарауын өтінген. Кәрібай Иманжанұлы кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов қол қойған ресми жауап алғанын, онда қалалық әкімдік Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнату үшін жер телімі және қаржы көзін қарастырып жатқандығын біздің газет арқылы сүйіншілеп хабарлаған еді.

Сол ақ түйенің қарны жарылған күн енді туып отыр. Ескерткіштің сәулетшісі – Қ.Қорғанов, мүсінші – Е.Ержа­нов. Мүсін қоладан құ­­йы­лып, тұғыры граниттен қа­­ланды. Ес­керт­кіштің жалпы биіктігі – 8,2 метр.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp