«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алматылық алаяқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция бас­­қармасына интер­нет алаяқтық фак­тісі бойынша бірнеше арыз ке­ліп түс­кен. Жәбірленушілердің айтуынша, хабарландыру сай­тында белгісіз ер адам өзін астаналық кә­сіпкермін деп таныстырып, шетел­дік көліктің қосалқы бөлшектерін ұсынған. Қызығушылық танытқан адамдардан алдын ала төлем алған соң, ол байланысқа шықпай қойған.

Өңір полицейлері Алматыға іссапарға барып, онда же­дел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 32 жастағы аза­матты ұстады. Ол интернет алаяқтықтың сегіз эпи­зодын мойындады. Күдікті ақшаны басқа біреудің атына тіркелген картаға жіберткізіп отырған. Ұсталған адам қамауға алынды, тергеу басталды, оның осыған ұқ­сас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексе­ріледі. Жеті айда облыс полицейлері 637 хабарландыруды тексеріп, оның 61-ін сайттардың әкімшісі арқылы бұғаттады. Жыл басынан облыста 300-ден астам интернет алаяқтық фактісі тіркелді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp