Облыста 22 тамыз күні 159 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Науқастардың 87 пайызында ауру белгілері бар.
Петропавл қаласында 100-ге жуық науқас тіркелсе, Айыртау, Қызылжар аудандарында да қауіпті инфекция жұқтырғандар саны аз емес. Облыстың өзге аудандарында да жаңа жағдайлар тіркелуде. Өңірде қауіпті індет жұқтыру көрсеткіші жоғары. Коронавирус инфекциясымен 21403 адам тіркеуде тұр. Өткен тәуліктерде ПТР әдісімен 1367 зерттеу жүргізілді.
Қазір 800-ге жуық адам инфекциялық стационарларда ем алуда. 69 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке қарай, қауіпті індеттен көз жұмған науқастар да жоқ емес. Соңғы он күн ішінде 25 адам қайтыс болды. Сондықтан мамандар адамдар сақтық шараларын ұстанып, өз өмірі мен жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін айтуда.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.