«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУҒАН КҮНІН ТЫҒЫЛЫП ТОЙЛАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміз эпидемиологиялық жағдай бо­йынша “қызыл аймақта” тұрғанымен кейбір жерлестеріміз санитарлық талаптарды сақтамай отыр. Олар мұның арты өкінішке ұрындыратынын ойламайды. Облыста індет басталғаннан бері мемлекеттік орган­дардың 160-тан астам өкілі кіретін 24 мониторинг тобы жұмыс істейді. Тексерістер әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері жүргізіледі.

Өткен жұма күні мониторинг тобы Петропавлдағы “Береке” шағынауданында ту­ған күн кешін өткізіп жатқан коттеджді анықтады. Бұл факті бойынша ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік материал жина­лып, іс тиісті органға жолданды. Облыс аумағын­да жыл басынан шектеу шараларын бұзудың 1059 дерегі анықталса, соның 28-і өткен аптада орын алған. Жыл басынан бері анықталған 1059 деректің 941-і бойын­ша ма­териал облыстық санитарлық-эпидемиологиялық ба­қылау департаментіне жіберілді. 118 мате­риал бойынша полиция қызметкер­лері мәлі­меттер жинақтап жатыр.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp