«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Fish зертхана ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы перинаталдық орталықта жүктіліктің ерте мерзімінде ұрық патологиясын анықтайтын Fish зертхана ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығында ашылған Fish зертхана арқылы мамандар жүктіліктің ерте мерзімінде ұрықтың жағдайын, сондай-ақ, қандай да бір ауытқудың бар-жоғын анықтайды.

«Облысқа Fish зертхана сатып алынды. Бұл өңірдегі алғашқы осындай зертхана. Зертханада жүктіліктің ерте мерзімінде іштегі ұрықтың хромосомдық патологиясын анықтауға болады. Диагностика негізінен қауіп-қатер тобына жататын жүкті әйелдерге жасалады. Зерттеу жүктіліктің 16-19-шы аптасында жүргізіліп, 3 күнде хромосомдық аурулардың бар-жоғын анықтайды.

Қауіп-қатер тобына кімдер жатады? Ең алдымен әйелдің анамнезі есепке алынады. Мүмкін ерлі-зайыптыда бұған дейін балалары осындай ауытқушылықпен туған шығар. Ұрық патологиясының ультрадыбыстық, биохимиялық маркері бар екіқабат әйелдер, жасы үлкен аяғы ауыр әйелдер тексерілуі қажет», – дейді перинаталдық орталықтың цитогенетигі Елена Хомякова.

СҚО-ға мұндай зертхана бұрыннан қажет еді. Әйелдер тексерілуі үшін Нұр-Сұлтанға, Алматыға немесе Шымкентке баруға мәжбүр болды. Енді олар ешқайда бармай-ақ Петропавлда тексеріле алады. Бұл жерде ұрықтың 5 патологиясын анықтауға болады.

«Жаңа аппаратпен жұмыс істеу үшін Нұр-Сұлтан қаласында ана мен бала орталығында арнайы курстан өтіп, бұл құралмен жұмыс істей алатыным туралы сертификатқа ие болдым. Менімен бірге УДЗ аппаратының дәрігері арнайы оқып келді, яғни жұмыс істейтін мамандар бар.

Барлық жүкті әйелдер 100 % генетикалық скринингтен өтеді. Осы жерде маркері барлар әрі қарай тексеріледі. Ұрықтағы патологияны бірінші триместрде 20 аптаға дейін анықтап үлгеруіміз қажет», – дейді Елена Хомякова.

Қазір қондырғы орнатылып, бағдарламалар енгізіліп жатыр. Зертхананы ашуға 53 млн теңге жұмсалды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp