Биылғы егін орағы облыс диқандары үшін үлкен сын болғалы отыр. Өйткені құрғақшылық астық түсіміне айтарлықтай кері әсерін тигізгенін байқау қиын емес. Былтыр осы кезеңде гектар шығымдылығы 14 центнер болса, биыл 4,9 центнерге төмен. Бірақ жауапты науқанның енді басталғанын ескерсек, өнімділік көтеріледі, берекелі гектарлар алда деген сенімдеміз. Шаруашылықтар уақытпен санаспай еңбек етіп, науқанды ұтымды ұйымдастыру үшін барлық шараларды қарастырған.
Бүгінде 2 млн. 994,1 мың гектар алқапқа өсірілген дәнді дақылдардың бестен бірі жиналып, 505 мың тонна дән бастырылды. Өнімділік 9,1 центнерден айналуда. Аққайың, Есіл, Қызылжар аудандарында шығымдылық жоғары.
Сөз арасында 17мың гектар жерге егілген күздік бидайдың уақытылы бастырылып, қамбаға құйылып алынғанын айта кеткен жөн.
Бахтияр ТОҚЖІГІТОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы агрономия бөлімінің жетекшісі.