«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

32 мотоциклші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жыл басынан 32 мотоцикл жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың орталығы мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындары түнгі мотожарыстарға жиі шағымданады. Мотоциклдердің дүрілі түнгі тыныштықты бұзады, бұл терезелерін ашып қойып ұйықтайтындардың мазасын алады.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың сөзінше, патрульдік полиция қызметкерлері мотокөлік жүргізушілерінің тарапынан жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға күнделікті бағдарланған. Полиция департаменті биыл байкерлер клубы өкілдерімен кездесу өткізді, оның барысында жол жүрісі ережесін бұзу фактісіне жол бермеу жөнінде талап қойылды. Оның ішінде мас күйде көлікті тізгіндемеу, жылдамдық режимін асырмау және де түнгі уақытта тыныштықты бұзбау жайы айтылды.

«Жыл басынан облыс жолдарында 32 мотоциклист әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 25 мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Бұл бағыттағы жұмыс күнделікті бақылауда», – дейді Айдын Байматов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp