Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру біртіндеп азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 тамыз күні өңір коронавирусты жұқтыру саны бойынша антирекорд орнатты, бұл күні 171 ауырған адам тіркелді. 20 тамыздан бастап облыста қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны күннен-күнге азайып келеді, мәселен 164-тен кеше 110-ға дейін түсті. Соның ішінде Ақжар мен М.Жұмабаев аудандарында мүлдем анықталмаған. Тағы бес ауданда ауырған 1-2 адамнан ғана тіркелген. Ал коронавирустың таралуы бойынша Петропавл мен Қызылжар ауданының үлесі жоғары, сәйкесінше 56 және 18 жағдай анықталды.
Облыста инфекциялық стационарларда 1 715 орын болса, ол 43,5 %-ға толған. 75 адамның жағдайы ауыр. 123 адам қайтыс болса, оның екеуі кеше көз жұмған.
Жалпы СҚО-да пандемия басталғалы 21 766 адам КВИ жұқтырған, бүгінде 19 654-і жазылып кетті.
https://www.inform.kz/