Солтүстік Қазақстан облысында 15 196 адамның вакцина салдыруға қарсы тұрақты және уақытша медициналық көрсетілімі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде кімдердің вакцина алуға қарсы медициналық көрсетілімі бар екенін айтты.
Маманның сөзіне қарағанда, өңірде 15 196 адам вакцина алмайды, олардың екпеге қарсы медициналық көрсетілімі бар. Соның ішінде 10 367 адамға вакцина уақытша салдыра алмайды.
«Емханалар осы 10 мыңнан астам адамды үнемі бақылауда ұстап отыруы қажет, бас дәрігерлерге тапсырма берілген. Тәуір болған жағдайда, уақыты келгенде олар екпе алуы тиіс. Кімдерге вакцина егуге қарсы медициналық көрсетілім берілетінін барлығы жақсы біледі. Ал уақытша берілгендерге келетін болсақ, ол – жіті респираторлы вирусты инфекциямен ауыру, стероид препарат қабылдау, созылмалы және неврология ауруларының асқынуына байланысты және жартысынан астамында емшектегі баласы бар», – дейді Нұрлан Айманов.
https://www.inform.kz/