«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛЫ ДАЛА ЗАҢДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Абылай хан резиденциясы” му­зей-кешенінде “Ата Заң – алтын тұғырымыз” атты көрме өтті. Шараның мақсаты – көпшілікті мемлекеттің қалыптасу тарихымен таныстырып, келушілерге қазақ хандығының құқықтық негізде дамуына атсалысқан Жошы, Қасым, Есім, Тәуке хандар мен Майқы, Қазыбек, Төле, Әйтеке би, Бұқар жырау сынды көрнекті тарихи тұлғалардың өмірі туралы әңгімелеу.

Көрме 5 бөлімнен тұрады. Онда хандар мен билер, “Жеті жарғы” заңы туралы құнды мәліметтер топтастырылған. Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің қазіргі жағдайы туралы да деректер бар. Стендтерде моңғолдардың түркі даласын жаулап алуынан бастап, қазақ хандығының Ресей империясына қосылуына дейінгі заңнамаларды жасауға қатысқан тарихи қайраткерлер туралы қысқаша анықтама берілген. Бұл көрме мемлекеттің қалыптасу кезеңін және құқықтық жүйенің қалай жетілдірілгенін, құқықтар мен әдет-ғұрыптарға негізделген ережелер қалай пайда болғанын көрсетеді. Кейін ол елдің негізгі Заңына айналды.

Қазақстан аумағындағы алғашқы Конституциялардың бірі – Шыңғыс ханның “Ясы” заңдар жинағы. XVI-XVII ғасырларда ол “Қасым ханның қасқа жолы” және “Есім ханның ескі жолы” құқықтық нормаларымен алмастырылды. Тәуке хан тұсында үш жүздің көрнекті билері бұл заңдарды толықтырып, “Жеті жарғы” деп атады. Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтары көрмені 27-31 тамыз күндері тамаша­лай алады.

Әсемгүл ҚЫДЫБЕКОВА,

“Абылай хан резиденциясы” музей-кешені директорының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp