Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Конституция күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов Ата Заңымыз қабылданған 26 жыл ішінде еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. “Елімізбен бірге сот жүйесі де өзгерді. Ол ашық, қолжетімді және тәуелсіз бола түсті”, – деді ол.
Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің құқықтық пәндер кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаева Қазақстан Конституциясының баптарына тоқталып, тарихи-құқықтық сараптама жасады. Жиында өзге де қатысушылар сөз сөйлеп, негізгі заң туралы ойларын ортаға салды.
Динара ТӨЛЕҢГІТОВА,
облыстық соттың баспасөз хатшысы.